Сот инстанциясы немесе сатысы – соттық іті қарау деңгейіне орай белгілі бір құзыреті бар өндірісінің сатысы. Сот сатылары бірінші сатыдағы соттар, апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сот сатыларынан тұрады.
Дербес кассациялық соттардың негізгі функцияларына мыналар жатады:
Сот шешімдерінің заңдылығын тексеру, яғни істі мәні бойынша қарамай, дәлелдемелерге баға бермей, тек процестік және материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын тексереді; Сот қателіктерін түзету, яғни кассациялық төменгі тұрған сот шешімінің қателігін анықтайды, оларды түзейді. Егер төменгі сатыдағы сот қателікке жол берсе, онда кассациялық сот аталған шешімді өзгертіп не күшін жояды; Еліміздегі біркелкі сот практикасын қалыптастырады.
Қорытындылай келе, еліміздегі дербес кассациялық соттардың құрылуы заман талабы болғандықтан, адам құқықтарын, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың заңдық кепілі және механизмі болып табылады.
Данна Құрмантаева,
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзуышылықтар жөніндегі сотының бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Заң және балалар: қатесіз болашақ
- 30 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




