Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Студенттік бал – 2018» салтанатты кеші өтті. Мұндағы мақсат өңірдегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білім-ғылым, спорт, мәдениет, өнер салаларымен қатар, облысымыздың қоғамдық-саяси жұмысына белсене қатысып, жетістіктерге қол жеткізген студенттерін марапаттау болатын. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Е.Әмірбекұлы және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары А.Тәутен құттықтау сөз сөйлеген соң, оқу орындарынан іріктеп алынған 24 жұп «Қазақ вальсін» биледі. Барлығы 350 студент қатысқан мерекелік шарада жастардың түрлі салада жеткен жетістіктері де зерделеніп, жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында үздік деп танылған жеткіншектерге басқарма тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сайыс «Жыл студенті – 2018», «Үздік студент – 2018», «Үздік өнерпаз – 2018», «Үздік спортшы – 2018» және «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі – 2018» аталымдары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде «Жыл студенті – 2018» аталымы А.Ерниязова (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) мен М.Нұрдиллаұлына («Тараз-Болашақ» медициналық колледжі) бұйырды. Одан бөлек, өңірдегі жастар саясатын іске асыруға белсенді атсалысып жүрген бірқатар жастар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Aq jol-Aqparat»
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




