«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жер саласында заң талаптарының сақталуы

Жер саласында заң талаптарының сақталуы
ашық дереккөз
Жер саласында заң талаптарының сақталуы
Қазіргі қолданыстағы жер заңнамасының талаптарын сақтау, оны қорғау жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тікелей қамтамасыз етуге міндетті. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндетінің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану. Жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режімі нормативтік-құқықтық актілер негізінде белгіленген басқа да пайдалану талаптарын жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушылардың өз бетінше өзгертуіне болмайды. Жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын азаматтар хабардар болуы тиіс. Д. Мадяров, облыс әкімдігі жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы.

Ұқсас жаңалықтар