«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңалықты жатсынба, шаруа!

Жаңалықты жатсынба, шаруа!
ашық дереккөз
Жаңалықты жатсынба, шаруа!

Өткен жылы жасалған «Жамбыл облысының жерді суландыру жүйелерін қайта құрып, қолмен суландыратын жерлерді қалпына келтірудің қор үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, іске асырудың 2013-2020 жылдарға және 2030 жылға дейінгі бағдарламасында» 2020 жылы облысымыздың Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі және Шу аудандарында суландыратын алқап көлемін 214 мың гектарға жеткізу, оның ішінде жаңбырлатып – 19,5 мың, тамшылатып 15 мың гектар алқапты ылғалдандыру көзделген. Ал, келешекте, 2030 жылға қарай суландыратын алқап көлемін 270 мың гектарға, оның ішінде жаңбырлатып суландыру – 31 мың, ал, тамшылатып суландыру 20 мың гектарға жеткізу мақсаты қойылған. 15Егістік суару үшін жерасты суы арқылы тамшылату әдісін пайдаланғысы келетін, бірақ қаражаты тапшы өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарына суарудың су үнемдеу технологиясы ғана емес, ұңғыдан суды жоғары көтерудегі қор үнемдеу технологиясын да ұсынуға болады. Тамшылатып суару жүйесінің ең басты тетігі – су астында жұмыс істейтін «ЭЦВ» сорғысымен жабдықталған ұңғы. Сорғы су көтергіш құбыр арқылы ұңғы ішіне су деңгейінен төмен түсіріледі. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, едәуір салмағы бар су көтергіш құбырларын пайдалануда біраз қиындықтар туады. Сорғыны ұңғыдан шығарып, қайта салу, тот басып қалған бұрандаларды ағытып, қайтып бекемдеу біраз уақыт пен еңбекті қажет етеді әрі осы жұмыстарға міндетті түрде автокран қажет. Бұл қиындықтан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған жерасты суын жоғары тартып шығарудың қор үнемдеу технологиясын қолдану жолымен құтылуға болады. Бұл технологияның тиімділігі мынада: «ЭЦВ» сорғысы арнайы жасалған қондырғы көмегімен ұңғыға су деңгейінен төмен бекітіліп, оны сору мен айдау аймағына бөледі. Бұл орайда сорғыны алып-салу жұмыстары қарапайым, қолдан жасалған үшақа немесе мосы көмегімен атқарылады. Суды жоғары обсадтық баған бойымен көтереді. Сонымен қатар, ұңғыға бөгде заттардың түсуіне және су қабатының ластануына жол берілмейді, еңбекке қажеттілік азаяды. Су көтергіш құбырлар, жұмсалатын қаражат та үнемделеді. Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ аталған технологиямен егжей-тегжейлі танысып білу үшін тамшылатып суару алқабындағы ұңғыны суды обсадтық баған бойымен көтеруге жабдықтауға және осыған фермерлерді үйретуге дайын. Сонымен қатар, оларды пайдаланудағы жаңа технологияның артықшылығы туралы мәліметтер беріп, жылдамдатып өндіріске енгізуге көмектесе алады. Өндіріске енгізуге дайын тұрған мұндай қондырғылар институтта жеткілікті. Облыста қолданыста оң нәтиже беретін осы тектес жаңа қондырғыларды насихаттап, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қол жеткізуіне демеушілік жасайтын «Инновациялық тәжірибені кеңінен таратып, өндіріске енгізу бағытында іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы қолға алынып жатыр.

Валерий ТУМЛЕРТ, Сәрсенбек АМАНГЕЛДИЕВ, «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері, техника ғылымдарының кандидаттары.

Ұқсас жаңалықтар