Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне Ұлт Көшбасшысы-Елбасының қосқан үлесі өлшеусіз. Мемлекеттің барлық саласындағы толағай жетістіктерде ол кісінің теңіз суындай мол еңбегі жатыр. Ел Президенті мемлекеттік тілімізге де айрықша мән берді, «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», «Қазақ тілі білімнің, ғылым мен техниканың тіліне айналу керек», деді. Елбасының тіл туралы бастамалары да жергілікті жерлерден қолдау тапты.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы сөз сөйлеп ашып, мемлекеттік тілдің мәселесі бәрінен жоғары тұратынына, Елбасының төл тілімізді қолдаудағы қайраткерлігіне тоқталды. Одан соң облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова шараны жүргізіп отырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева Кеңес одағы кезінде Атырау өңірінде еңбек еткенін, сол кезде облыстың 90 пайызы өзге ұлттар болса, қазір онда 90 пайызды жергілікті ұлт өкілдері құрағанын, тілдің дамуындағы Елбасының ерен еңбегін толғана сөз етті. Сондай-ақ ол Шерхан Мұртазаның «Қазақ тіліне қарсы болып отырғандар – басқа ұлт өкілдері емес» деген сөзін мысалға келтіріп, бүгінгі таңда шала қазақтардың мәселесі алаңдататынын жасырмады. Мұнан соң сөз алған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсембаев бірқатар заңның тармақтарына өзгеріс енгеніне сәйкес, талап-арыз өзге тілде жазылса да, сот отырысын қазақ тілінде өткізетін мүмкіндікке қол жеткізілгенін, мұның бәрінде Елбасының қолдауы жатқанын ризашылықпен әңгімеледі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының директоры Сабыр Түменбаев кезінде заңгер мамандықтары тегіс орыс тілінде оқытылса, бүгінгі таңда бұл бағытта да мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылағанын айтты. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балмира Мырзабаева латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшу, тілдің биік тұғыры жөнінде толғанды. «Төзімділік – жақсы қасиет. Ұзақ төзуге ғұмыр қысқа» деп айтып кеткен заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзін мысалға келтірген республикалық көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Бекназаров ана тіліміздің бақыт құсындай басқа қонған құндылық екеніне, оны дамытудағы Мемлекет басшысының еңбегіне тоқталды. Облыстық «Arai» жастар газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Нұржан Қадырәлі Елбасына арнаған жыр жолдарымен ел назарын аударды.
Есет Жаңабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Ел бақытын тербеткен күн
- 16 желтоқсан, 2024
Шындық жырын шырқаған жас қырандар...
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді