АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Атамекен" ҰКП Президиумының кеңейтілген отырысына жиналған кәсіпкерлерді сынға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі чемпионатқа колледждер оқ бойы озық шәкірттерін алып келді. Бірақ дәл осындай шараларға отандық кәсіпкерлер тарапынан мықты қолдау байқалмайды. Бизнесмендер "кәсіби мамандар жоқ" деп жиі арызданады. Ал сол кәсіби мамандарды қолдауға келгенде немқұрайлық танытып жатады.
"Мен чемпионатқа қолдау білдіргендерді байқап көрдім. Құрылыс бойынша ірі компаниялардың ішінде BI Group пен Knauf болды. Басқалары қайда? Сіздер көрінбейсіздер ғой. Қолдауыңыз қайда? Чемпионатта мен нағыз энтузиастарды көрдім. Олар көп пайда таппаса да, ортақ іске жанашырлық танытып отыр. Өз мамандарымыз көтерілсін деп тілейді. Ал осы жерде отырғандардың ішінен мен ешкімді көрмедім. Біз кадр керек, өз мамандарымызды дайындайық дейміз. Сіздер өздеріңіз қолдау жасамасаңыздар, ол мамандарды қайдан аламыз?", - деді Б.Сағынтаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




