«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұжымға Жаңа басшыны таныстырды

Ұжымға Жаңа басшыны таныстырды
ашық дереккөз
Ұжымға Жаңа басшыны таныстырды

Тараз қаласы мен жалпы өңіріміздің өркениеттік үлгіде дамытылуына түбегейлі бетбұрыстар жасалуымен байланысты облыстағы сәулет және құрылыс саласы айрықша маңызға ие буынға айнала да бастады. Осынау жауапты сала – облыс әкімдігі сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына облыс әкімінің 28 қарашадағы №288 өкімімен Ержан Ахметов тағайындалған болатын. Алдыңғы күні облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мекеменің жаңа басшысын ұжыммен таныстырды. – Ержан Әбдірахманұлын сіздерге таныстырып жатудың өзі артық. Өйткені ол бұған дейін де 2012-2016 жылдар аралығында табысты басқарған болатын. Одан кейін Алматы қаласындағы «Темірбетон-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас сәулетшісі қызметін атқарып, бүгін орталарыңызға қайта оралып отыр. Осында жұмыс атқарған жылдары Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар архитектуралық нысандардың талапқа сай салынуына атсалысты. Сондай-ақ қаланың жаңа келбетін қалыптастырумен бірге осындағы басқа да көптеген ғимараттардың жобасын жасағанын жақсы білесіздер. Ержан Әбдірахманұлы, жалпы ұжым сізге таныс. Бірден ұжымға сіңісіп, өңір басшысы алға қойып отырған тапсырмаларды жоспарға сай жүзеге асырады деген ойдамын. Алда атқарылар қыруар жұмыстар тұр. Келесі жылы облысымыздың 80 жылдығы аталып өтпек. Оның үстіне Тараз қаласының туристік әлеуетін көтеру талабы да бар. Осыған орай қаланың келбет-айшығына айрықша мән берілуге тиіс. Шаһристан тарихи кешені мен 15-шағын ауданның құрылыс жұмыстарын жүйелі жолға қою қажет. Бүгінгі таңда басқарманың жарнамаға қатысты жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Оны да жандандыру керек болады. Салада жүзеге асырылатын жұмыстар барысында Тараз қаласы мен аудандардың бас жоспарлары басшылыққа алынады деген сенімдемін, – деді Еркебұлан Әбілқанұлы. Өз кезегінде Ержан Ахметов өзіне сеніп тапсырылған жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруға дайын екенін жеткізді. Ал ұжым атынан мекеме қызметкері Дәулет Досанов сөз алып, Ержан Әбдірахманұлының бұған дейін де өңірдің бас сәулетшісі ретінде танылғанын айта келіп, алдағы уақытта оның ұжыммен бірлесе табысты жұмыстарды жүзеге асыратындығына сенім білдірді. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мекеменің жаңа басшысын қызмет орнына отырғызып, жұмысына сәттілік тіледі

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар