«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жеткіншектердің барлық жағдайы жасалу керек

Жеткіншектердің барлық жағдайы жасалу керек
ашық дереккөз
Жеткіншектердің барлық жағдайы жасалу керек

Бүгінде еліміздің «Балалар құқығын қорғау туралы» Заңының жас өркендерімізге көп септігі тиюде. Осы заң аясында қазақстандық жеткіншектер тегін білім алып, тегін емделуде, басқа да әлеуметтік жеңілдіктерге ие болуда. 20 қазан – дүниежүзілік балалар күнін атап өту де елімізде қалыптасқан үрдіске айналды. Әдетте, бұл күні республиканың барлық өңірінде қайырымдылық акциялары өткізіліп, балаларға арналған әртүрлі ойын-сауық кештері ұйымдастырылатыны белгілі. Жетім балалар үйлеріне еріктілер киім-кешек, ойыншық, тәттілер тарту етеді. Әсіресе өнер адамдары қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып жатады. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұжымы да жыл сайын осындай игі істердің ұйытқысы болумен келеді. Биыл да білім ордамызда атаулы күнге орайластырылған республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар өтуде. Атап айқанда «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» атты ішкі істер қызметкерлерімен кездесу, «Бала құқығы – асыл қазына» акциясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ колледжімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың денсаулығы көтерген жағдайда өзге балалармен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік жасалған. Биыл 4ПРМ-15-1 тобының студенті Дулат Абдусамат «Жас projekt» конкурсында жеңіске жетіп, қомақты сыйақыға ие болған еді. Бұл қаражат колледждің қимыл-қозғалысы шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен студенттерінің өңіріміздің тарихи ескерткіш орындарына саяхаттар жасауына жұмсалды. Колледж директоры Жанар Орынбаеваның бастамасымен «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен жылма-жыл ұйымдастырылатын «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен колледж студенттері мен мектеп оқушылары мектеп формаларымен, аяқ киімдермен, спорттық костюмдермен және қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуде. Оқу орнының басшылығы осы орайда құқық қорғау органдарының өкілдерімен де тығыз байланыста пәрменді шараларды жүзеге асыруда. Қандай қауіп-қатерді болсын біз тек бәріміз бірлесе отырып қана жеңуімізге болады. Елімізде кез келген баланың бақытты болуына құқы бар. Оған тиісінше жағдай да, мүмкіндік те жасалу үстінде. Ел ертеңі саналатын жастардың ойы озық, білімі терең болса ғана көш бастайтыны белгілі. Осы ретте ұстаздарға да артылар жүк жеңіл емес. Ел аумағындағы қолданыстағы тиісті заңнамалар жеткіншектерді түрлі озбырлықтардан, жәбір-жапа көруден сақтайтыны белгілі. Колледж ауқымында мұндай келеңсіз көріністерге ешқашан жол берілген емес, жол берілмейді де.

Гүлназ КЫЛАНОВА, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар