Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты былтырғы Жолдауы нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген айтулы құжат болып табылады. Жалпы, цифрлық технология ел өміріне тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында-ақ енгізіле бастағаны белгілі. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Ал бүгінде компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құралға айналып отыр. Қазіргі таңда қала әкімдігінің білім бөліміне қарасты 60 мектепте 72 486 оқушы білім алуда. Мектептерде барлығы – 5367, оның ішінде мұғалімдерге арналған 405 дананы қоса алғанда 5772 компьютер бар. Сонда 13,5 оқушыға бір компьютерден келеді. Ағымдағы жылы осындай 121 техниканы алу үшін 19 905,0 мың теңгеге «АТЭКО» ЖШС-мен келісімшарт жасалынды. Осылайша оқушыларды компьютермен қамту көрсеткішін 2019 жылы 40 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жамбыл облысының инвесторларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ базасында өңірлік цифрландыру кеңсесі құрылғаны белгілі. Бүгінгі таңда аймақта цифрландыру шеңберінде 3 негізгі бағыт бойынша 12 бастама мен 7 жоба анықталып отыр. Атап айтқанда, экономика салаларын цифрландыру бойынша 2 бастама және 4 жоба, цифрлық мемлекетке көшуде 7 бастама және 2 жоба, адами капиталды дамытуда 3 бастама және 1 жоба қарастырылған. Бұдан бөлек, экономика салаларын цифрландыру бойынша 2 бастаманы қамтитын 4 жоба көлік және логистика саласын цифрландыруға, Тараз қаласында жолаушы маршруттарын GPS-навигациялау сайтын жетілдіруге қатысты анықталып отыр. Бұл жобалардың аясында электронды сауда саласын цифрландыру, онлайн сауда-саттықты (нарық) енгізу және дамыту жолға қойылмақ. Цифрлық мемлекетке көшу бойынша 7 бастаманы қамтитын 2 жоба Тараз қаласының білім беру ұйымдарында робототехниканы енгізу, қаладағы орта мектептерде сымсыз интернет желісін орнату (Wі-Fі), операциялық басқару орталығын жаңғырту, «Ақылды қалалар – қауіпсіз қала» – Тараз қаласында қауіпсіз мектеп жобасын енгізу, зияткерлік көлік жүйесін енгізу – «ақылды бағдаршамдар», «Smart ТҮКШ» жүйесін енгізу – «ақылды жарықтандыру», «Әкімшіліктер мен ҚКК-нің тұрғындармен өзара әрекеттесумен құрылыс алаңдарын (жаңа пошталық кодтармен QR-кодты) пайдалану» жүзеге асырылмақ. Ал адами капиталды дамыту бойынша 3 бастаманы қамтитын 1 жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (оқыту, қайта даярлау), негізгі сандық икемділік, кадрларды қайта дайындау бойынша оқу курстарын өткізуде өз септігін тигізеді деп күтілуде. Қазір осы бастамалардың негізінде Жол карталары бекітіліп және оларды іске асыру жұмысы басталды. Бүгінгі таңда «Ақылды қалалар» шеңберінде Тараз қаласының қауіпсіздік саласындағы 8 бастаманы қамтитын «Қауіпсіз қала» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қаланы «ақылды жарықтандырумен» қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру үшін «Астана» шағын ауданындағы 8 тұрғын үй белгіленді. Осы шағын ауданда «E-Shanyrak» бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар Тараз қалалық прокуратурасының «Қауіпсіз аула» бағдарламасын іске асыру мақсатында 23 көп қабатты тұрғын үйдің аула алаңдарын жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Аталған жоба бойынша үйлердің аулаларына жарық диодты шамдар, темір бағаналар орнатылады. Жарық шамдары қозғалыс датчиктерімен жабдықталатын болады. Бүгінгі таңда Тараз қаласында қоғамдық бағыттарда қатынап жүрген автобустардың жұмысын үнемі бақылап отыру мақсатында Орталық диспетчерлік қызмет жұмыс атқарады. Бұл қызметті ұйымдастыру үшін өткен жылы қалалық жолаушы бағыттарындағы автобустардың барлығына онлайн режімде жұмыс істейтін 650 дана навигациялық бақылау жүйесі (GPS) толығымен орнатылды. Бұл жүйенің жұмыс атқаруын онлайн режімде taraz-bus.kz сайтынан бақылауға болады. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында taraz-bus мобильді қосымшасы іске қосылды. Тараз қаласының интерактивті картасын дайындау үшін «ALORA IT SOLUTION» холдингімен 17 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған интерактивті карта кәсіпкерлік палатасының ұсынысы негізінде кәсіпкерлікті қолдау және халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында дайындалуда. Интерактивті карта негізінде ақпараттық жүйе құрамында «Tarazgenplan» ресми сайты ашылып, онда қала құрылысы саласындағы жүйеленген ақпараттар жарияланып отыратын болады. Осы интерактивті картаның құрамында қала аумағының ArcGis бағдарламасындағы карта сызбасы дайындалады. «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы бойынша білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы №41 көп салалы гимназияның кіреберіс есігіне үстіміздегі жылдың қаңтар айында демеуші есебінен 4 турникет орнатылды. Оның құны 4436,0 мың теңгені құрайды. Турникеттер компьютерлік құрылғыларға жалғанып, арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Аталған құрылғылар арқылы 2020 жылға дейін тегін қызмет көрсетіледі. Орнатылған құрылғылар арқылы оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдері тіркеліп, үнемі қадағаланып отырады. Оқушылардың барлығына бағдарламалық карталар таратылып берілген. Ол арқылы турникеттен өткен оқушының суреті мен тұлғаның сәйкестігі бақыланады. Сондай-ақ мектепке бөгде адамдардың рұқсатсыз кірулеріне тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, алдағы уақытта демеуші тарапынан турникеттер арқылы өткен оқушылардың ата-аналарының ұялы телефондарына хабарлама жіберу бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Биылғы жылы 41 мектепті Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету үшін 45 165,0 мың теңгеге «Астана Информ Сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалынған. Дегенмен басқа әлеуетті өнім беруші тарапынан шағым жасалуына байланысты сот шешімімен келісімшарт бойынша жұмыс уақытша тоқтатылды. Ағымдағы жылы 5 мектепті толық жабдықталған робототехника кабинеттерімен қамтамасыз ету үшін 39 594,0 мың теңгеге «LT International» ЖШС-мен келісімшарт жасалынды. Ал 9 мектепке робототехника үйірмелеріне қажетті құрылғылар алу үшін қалалық бюджеттен 24 516,0 мың теңге бөлінді. Конкурс ағымдағы жылғы қазан айында өткізіледі. «Робототехника» курсы бойынша 61 мұғалім арнайы біліктілік арттыру курсынан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша биыл мамыр-маусым айларында білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен 8-11-сынып оқушылары тегін оқыту курсымен қамтылды. Әрине, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екені түсінікті. Замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кең жолақты интернет, ақпараттық технологиялар саласында белсенді болуға тиіс. Қала күні мерекесіне орай ашылған Желтоқсан скверінде бүгінгі таңда Wі-Fі желісіне қосылған орындықтар бар. Мұнда серуендеуге келген қала тұрғындары мен қонақтары тегін интернет желісін пайдалана алады. Алдағы уақытта қаладағы өзге де саябақтар мен көпшілік жүретін орындарға осындай орындықтар орнатылмақ.
Сайлауғалы БАЙНАЗАРОВ, қала әкімінің орынбасары.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді