Қазақстан алғаш рет бақ сынап жатқан Балалар Еуровидениесі басталды
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2018
- 567
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Минск Аренада Балалар Еуровидениесінің финалы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, Қазақстан биыл Балалар Еуровидениесіне алғаш рет қатысып отыр. Алматыда өткен ұлттық іріктеу нәтижесінде Қазақстан намысын алматылық Данэлия Төлешова қорғайтыны белгілі болды. Конкурсқа дайындық кезінде Данэлия өзіне сенім артып отырған қазақстандықтарға риза екенін, үмітті ақтауға тырысатынын айтқан еді.
«Уақыт жақындаған сайын қобалжу үстіндемін. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Маған сахнаға шыққан, өнер көрсеткен ұнайды, ән айтудан ләззат аламын. Мені қолдайтын және сенім білдіретін адамдардың барына қуанамын, бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның өнер саласына өз үлесімді қосқым келеді. Осы байқауға қатысуда маған қолдау көрсетіп, өнерде көмектесіп жатқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін», - деді Данэлия Төлешова тікелей эфир арқылы өткен баспасөз мәслихатында.
Жеребе бойынша қазақстандық орындаушы сахнаға Украина және Португалия үміткерлерінен кейін үшінші болып шығады. Барлығы 20 елден келген кішкентай орындаушылар өнер көрсетеді. Қатысушылар ән айтып болған соң жүргізушілер көрермен дауыс беретін сәт басталғанын хабарлайды. Оған мына сілтеме арқылы кіріп, 15 минут ішінде дауыс беруге болады. Данэлия Төлешова байқауда «Өзiңе сен» әнін шырқайды. Сөзін жазған - Камила Даирова мен Данэлияның өзі, ал әуен авторлары - украиналық музыканттар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




