АСАУДЫ АЛҒАШ ҮЙРЕТКЕН ҮЛТТЫҢ ҮРПАҒЫМЫЗ

53

Үлт тарихын танып-білетін жаңа кезең туды. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын атқа міну мәдениеті туралы атап өту арқылы жастарға көп нәрсені аңғартқандай. Оны бүгінде әлем елдері бекзада өнер деп таниды. Ал бұл — Ұлы Дала жерінен бастау алған мәдениет.

Біз жүйрік ат жарату, бәйгеге қосу, тұлпар туар құлынды тап басып тану — қазақ атбегілерінің байырғы өнері екенін жақсы білеміз. Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердщ, қол бастаған батырлардың барлығы атқа мінгенде арқаланып, еңсесін биік ұстаған. Ат жалына жармасатын жасқа жеткен баласына тай мінгізіп, қазақ ұлын ержүректілікке тәрбиелеген.

Ел болу үшін — елге қызмет ететін адам ер болуы қажет. Ер мінезділік адамды мақсатына жеткізеді. Әрбір адамның ісі ұлт мүддесіне бағытталса елдің рухы өседі. Сондықтан да қазақ балаға ер мінезділікті өмір арқылы үйреткен.

Қазақ балалары жастайынан тайға мініп, атқа шабуды үйренген. Тайға мініп жарысып, атпен аң аулап, ат үстінде жүріп ұлттық ойынның түрлерін меңгерген ұл — епті, қарулы. Қазақ баласы жылқыдан асауды таңдап үйрететін болған.

Металл өңдеу ісінщ тарихы қазақ жерінен бастау алғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Ал осы металлургия өндірісі әлемнің қарыштап дамуына жол ашты. Адамзат қола, мыс, темірден бастап, алтын, күміске дейінгі асыл тастарды өндіруді көне замандардың өзінде-ақ игеріп, игілікке жаратты. Біздің Ұлы Даламыздың сондай ірі өндіріс ошақтарының бірі болғаны да көкейге қуаныш ұялатады.

Еліміздің асты да, үсті де байлыққа толы. Бізде Д.Менделеев кестесіне түскен элементтердің барлығы да бар. Біздің ата- бабаларымыз қойнауы қазынаға толы осындай алып аумақты ерте замандардан бері мекен етіп, сол байлықты өз игілігіне жарата білген. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» — соның дәлелі. Бұл жаңалық біздің ежелгі бабаларымыздың алтынды балқытып, одан алуан түрлі әшекейлерді жасай білгенін айдай әлемге паш етті.

Кейін бізде сол «Алтын адамдардың» тұтас бір галереясы табылды. Осының бәрі — біздің бабаларымыздың шебер, ісмер болғандығының дәлелі. Дүниежүзіне Ұлы Дала елінің бай тарихын паш еткен де осы құнды жәдігер екенін мойындауымыз керек. Расында жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін көрсетеді.

Біз осындай өнер үйренген, жермен бірге, өндірісті қатар игерген бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан солар қалдырған мынадай қазынаға толы ұлан-байтақ жердің иесі екенімізді мақтан тұтып, оны қасық қанымыз қалғанша көздің қарашығындай қорғай алуымыз керек.

Егер біз мұражайларға барып ежелгі өркениеттердің экспонаттарын аралайтын болсақ, әр мәдениеттің өзіндік стилін байқай аламыз. Басқа өркениеттер секілді ежелгі көшпенділер өркениеті өз артынан қалалар мен ғимараттар қалдырмаса да, өзіндік «аңдық стилінен» тануға болады. Бұл өркениеттің таралу территориясын осы стилде табылған заттардан байқаймыз.

Көпшілік біле бермес, бірақ қазіргі таңдағы көптеген түркі тілдес елдердің ұлттық символына айналған ою-өрнектер дәл сол «аңдық стилдщ» жалғасы. Күнделікті өмірде көптеген компаниялар эмблемаларын ою- өрнек түрінде жасағанын байқаймыз. Бұл ұлттық ерекшелігімізді көрсетудің белгісі. Көк туымыздағы ою-өрнектің бейнеленуі, қар барысының Егемендігіміздің символына айналуы — біздің мәдениеттің ежелгі көшпенділер өркениетімен сабақтастығы екендігінің дәлеліндей.

Біз, жастар, Елбасы мақаласының өзегі — әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отырып, ілесуге үндеу деп түсінеміз. Сол себепті өткен тарихымыздан өнеге алып, бүгінімізді бағалап, болашағымызға зор сенім арта отырып еліміздің табысты болуға ұмтыламыз!

Уәлихан БОЛАТБЕК, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы.

Comments are closed.