Су бағасын 5-6 пайызға төмендетуге дайын
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті кезекті баспасөз сапарын ұйымдастырды. Бұл жолы журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері Талас ауданындағы «Игілік» және Сарысу ауданындағы «Жаңатас жылу» коммуналдық кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Екі кәсіпорын да өз аудандарында коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша монополистер болып табылады. Олар тұрғындарға жылу мен ауызсу жеткізіп, кәріз жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Ерболат Дүйсенбиевтің айтуынша, бұл — осындай кәсіпорындарға ұйымдастырылған бесінші баспасөз сапары болып отыр.
— Іс-шара Елбасының коммуналдық қызметтердің алдына қойған міндеттерін орындау аясында тарифтік саясаттың транспаренттілігі, Қазақстан халқына қазан айында жариялаған Жолдауында және Қауіпсіздік кеңесінің қарашадағы отырысында көрсетілген қызметтердің бағасын төмендету бойынша жүргізілуде. Монополистердің жұмыс тәртібін, тұтынушылардың ақшасын қалай жұмсайтынын халықтың білуге құқығы бар. Жуырда Президент қалыптасқан тарифтерге көңілі толмайтынын ескерткені есімізде. Біз кәсіпорын басшыларымен бірге Елбасы тапсырмасын қалай орындау қажеттігін ойлануымыз керек, — деді Е.Дүйсенбиев.
«Игілік» КМК директоры Рашид Сейдалиев тиімді баға саясаты үшін ішкі резервтерді іздестіру жүргізіліп жатқанын растады. Баспасөз сапары кезінде ол ішкі үнемдеу есебінен су бағасын 5-6 пайызға төмендетуге дайын екенін мәлімдеді.
Қамысбай САУҚЫМОВ, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді