«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Теңгелер тарихынан сыр шерткен көрме

Теңгелер тарихынан сыр шерткен көрме
ашық дереккөз
Теңгелер тарихынан сыр шерткен көрме

Тараздағы «Достық» үйінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі «Ұлы Жібек жолындағы ақша айналымы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Көрмеге музей қорындағы 250- ден астам құнды жәдігер қойылып, келушілерге ұсынылды. Ежелгі Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған 183 тиынның 60-тан астама түрі өңдеулерден өтіп, осы күнге жеткен екен. «Табылған жәдігерлер Ұлы Жібек жолы бойында ақша айналымдары болғандығын дәлелдейді», - дейді аталған қорық- музей директорының орынбасары Қуаныш Дәуренбеков.

Көпшілікті көрме жұмысымен тарихшы Ұлжалғас Шайызханқызы таныстырды. Ол табылған жәдігерлерді

музейде өз қалпын жоғалтпай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу музей қызметкерлерінің тікелей жұмысы екеніне, көрмеде Соғды мемлекетіне тиесілі VIII ғасырға жататын алтын тиын, Түркеш мемлекетінің VIII-Х ғасырдағы қола теңгелері, Қарахан мемлекеті тұсында жасалған ХІ-ХІІ ғасырлардағы күміс, мыс тиындар,

ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қоқан тиындары қойылғанына тоқталды. Сондай-ақ мыстан жасалған тиындар сол замандағы Ресей мен Қытай мемлекеті арасында сауда-саттық барысында қолданылған ХІХ ғасырдың қытайлық теңгелері мен қыштан жасалған тиын сандықшалар көрмеде орын алды. Әр тиынның жасалу ерекшелігі мен қолданыстағы мәні бір тарих іспетті.

Көрмені облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова қала тұрғындарымен бірге тамашалады. Валютаның 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шарада аталған музей қызметкерлері ең алғашқы тиындардың шығу тарихымен қатар, сауда-саттықта қай мемлекеттің тиындары қалай ерекшеленгені туралы көпшілікке кеңінен мағлұматтар берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар