Әділеттің ән кеші әсерлі болды
Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі, бірнеше ән байқауларының жеңімпазы Әділет Әбдікерім «Баласағұн» орталық концерт залында «Мақтанышым - Отаным!» атты патриоттық ән кешін өткізді. Жас әнші алғашқы концертінің шымылдығын халық әні «Бір баламен» ашты. Одан соң қолына домбырасын ұстап, Қалқаның әні «Қалқаны» шырқады.
Әділеттің орындауындағы Кенен Әзірбаевтың «Алатау алабында», Исаның «Желдірме» әндері, Мақтымқұлының термесі көпшілік көңілінен шықты. Қытай қазақтарының әнін танымал әнші Оңал
Азаматовамен бірге орындаған Әділет Әбдікерім Сәрсенбек Бәкірдің «Туған жерге сағыныш» (сөзі - Ерболат Сейдахметовтікі) әнін де жүректерге жеткізіп шырқады. Мұнан соң сахнаға Сәрсенбек Бәкір көтеріліп, шәкірті Әділеттің жеткен жетістіктеріне көңілі толатынын айтып, «Махаббат назы» әнін (сөзі - Е.Сейдахметовтікі) шәкіртімен қосылып бебеулетті. Бұдан соң кеш иесі Ерлан Ибаділдаев, Бақберген Сметов ағаларымен бірге бірнеше әндерді орындады. Әсіресе Алтынбек Қоразбаевтың « Сырғалым» әні жүректерге жетті. Бұл үштік «Жамбыл» триосы деп аталады. Кейіннен Әділет жеке орындауда бірнеше әнімен көпшіліктің жүрегіне жол тапты.
Концерт соңында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина әншіні жеке концертімен құттықтап, басқарма басшысының Алғыс хатын ұсынып, сәттілік тіледі.
Келесі күні «Баласағұн» орталық концерт залында халықаралық байқаулардың лауреаты «Ақкербез» бишілер тобының «Би керуені» атты концерттік бағдарламасы жұртшылық назарына ұсынылды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мәдени жетістіктер - руханияттың жемісі
- 9 қаңтар, 2025
Адамдарға нұр сыйлаған орталық
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді