Жаңалықтар
Елімізде энергия үнемдеуді көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді
- author «Ақ жол»
- 19 қараша, 2018
- 475
Елімізде энергия үнемдеуді көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде энергия үнемдеу жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы дайын болды. Тұжырымдама энергия үнемдеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпорындарға энергия тиімділігі талаптарын жетілдіру тапсырылған болатын. Осы тапсырманы орындау үшін «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңға тәжірибелік талдау жүргізілді. Бұл ретте мүдделі тараптармен бірлесіп, тиісті заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»)», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгінгі Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, тұжырымдама энергия үнемдеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді (мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиторлық қызмет, мемлекеттік бақылау), жеке және мемлекеттік секторларды реттеу тәсілдерін өзгертуді, сондай-ақ энергия үнемдеуді ынталандыру шараларын әзірлеуді көздейді.
«Энергия үнемдеу саласы бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізгі шаралары жоғарыда аталған заң жобасының тұжырымдамасы аясында қаралады», - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




