«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алты тілде жарық көретін цифрлық журнал таныстырылды

Алты тілде жарық көретін цифрлық журнал таныстырылды
ашық дереккөз
Алты тілде жарық көретін цифрлық журнал таныстырылды

Есет ДОСАЛЫ

2018 жылдың 5 қыркүйегінде халықаралық «ULYS» цифрлық журналдың алғашқы саны жарық көрді. Журналдың дәл осы күні шығарыла бастауының өз себебі бар, өйткені бұл – алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірге келген күні. Журналдың бағыты – сараптамалық, танымдық. Электронды журналдың алғашқы таныстырылымы ҚР Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттарының қолдауымен Астанада өтті. Сол жиында қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы «ULYS»-тың қадамын құптап, жақсы баға берді. Осы және өзге де мәселелер жөнінде облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте «ULYS» цифрлық журналының бас редакторы Ержан Қалымбайұлы жан-жақты әңгімеледі. Бұл журналды «i0S» және «android» жүйелеріндегі қосымша арқылы ұялы телефонға жүктеп алып, оқи беруге болады. Мультимедиалық журнал заман талабына сай. Мұнда еліміздегі елеулі оқиғалардан бастап, әлемдік деңгейдегі күрделі мәселелерге сараптамалық талдау жасалады. Журнал геостротегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық қатынастарға талдау жасау мәселелерін қамтиды. Қазіргі таңда журналға 10 мемлекет қызығушылық танытуда. Олардың арасында АҚШ, Түркия, Башқұртстан, Әзірбайжан елдеріндегі зерттеу институттары бар екен. Журналға жарияланған мақала сол сәтте маңызды 6 тілге аударылады. Ақпараттың 80 пайызы қазақ тілінде. Оқырман керекті ақпаратты қалаған тілінде оқи алады, оқығысы келмесе аудиожазбадан тыңдай алады. Журналдың оқырман үшін осындай тиімділіктері бар. Ашылғанына аз уақыт болса да, журналдың 4 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар екен. Қалыптаса келе оқырмандар қатары көбейе түсетіні анық. Ержан Қалымбайұлы журналдың техникалық директоры Болат Әскерұлы жөнінде айтып өтті. Бас редактор әлеуметтік желіде арзан сөз, жеңіл ойлар көп жазылып кеткенін айта келіп, журналдың мақсаты ғаламторды, электрондық құралдарды маңызды ақпараттармен қамту екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұраққа жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар