Жастар арасында жемқорлыққа қарсы «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда
- author «Ақ жол»
- 13 қараша, 2018
- 545
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Ақмола облысының барлық жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Sanaly urpaq» клубтары жұмыс істейді. Осыған орай, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева, ЖОО мен ТжКБ ұйымдарының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары мен орынбасарлары, студенттердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың 4 курс студенті Амангелді Бекнұр, Көкшетау қаласындағы Жоғары мектебінің 2 курс студенті Серік Әндіров және Көкшетау техникалық институтының 4 курс студенті Серік Әділет сияқты «Sanaly urpaq» клубтарының жетекшілерінің есептері таңдалды.
«Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ашық және шынайы диалогқа дайын болуымыз және еліміздің рухы биік парасатты азаматтарын тәрбиелеуде белсенді әрекеттестік орнату керек»,- деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары.
Шараға қатысушылар Ақмола облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша жұмысты одан әрі жандандыра түсетіндеріктерін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




