Монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленуде - Бақытжан Сағынтаев
- author «Ақ жол»
- 13 қараша, 2018
- 199
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендететін жүйелі шараларды әзірлеу міндеті жүктелді. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, қазір элетр энергиясын өндірудің өзіндік құнын айқындау әдістемесі дайындалуда. Табиғи монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын мемлекеттік бақылау және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді әзірлеу жұмыстары басталды.
«Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне алдымыздағы бірінші желтоқсанға дейін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендететін жүйелі шараларды әзірлеу міндеті жүктелді. Біріншіден, тарифтерді қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Екіншіден, баға саясатына мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейтіп, тарифтерді төмендету үшін қажетті шараларды қабылдау керек», - деді Премьер-Министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.
Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді