Теңгенің құнсыздануы туралы дақпырттың еш негізі жоқ - ҚР Ұлттық банкі
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2014
- 538
ҚР Ұлттық банкі теңгенің құнсыздануы туралы қаңқу сөздердің еш негізі жоқ екендігін мәлімдейді. Бұл туралы банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында хабарлады.
«2014 жылдың 31 шілдесінде немесе 1 тамызында теңгенің құнсыздануы орын алады деген сөздердің бүгінде еш фундаментальды себептері жоқ екендігі айдан анық. Ұлттық банк тексерілмеген ақпаратты жариялаудан және қаңқу сөздерді таратудан бас тартуды сұрауда», - делінген хабарламада.
Девальвацияның басты дәлелі ретінде Ұлттық банктің алтын қорының мамыр-маусымда 6 пайызға азаюы келтірілген болатын. Дегенмен мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, ақпан айында алтын қоры 6 пайызға, наурызда - 2 пайызға, сәуірде 7 пайызға өскен. Сондықтан мамыр-маусымда оның көлемі кемігенімен, 26,5 млрд. доллар шамасында тіркелген және жыл басындағы көрсеткішке қарағанда 2-2,5 млрд. долларға көп.
«Шілдедегі нәтижелер бойынша айдың соңында ҚР Ұлттық банктің алтын қорының көлемі 2 пайызға (0,5 млрд. доллардан астам) өскен және 27 млрд. долларға жетіп отыр. Сонымен қатар жыл басынан қарайтын болсақ, Ұлттық банктің алтын қоры 2,3 млрд. долларға (+9,2%) көбейген», - делінген мәлімдемеде.
Банктің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан биржа қорының таңертеңгілік сауда сессиясы барысында теңге долларға шаққанда 182,08 көлемінде бекіді.
«Ұлттық банк валютаның көлемін бақылауда ұстап тұратын болады, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін валютаның жеткілікті қоры сақталған», - деп жазады банк.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




