Экономика
Жамбыл облысында 2014 жылдың соңына дейін 17 елді мекен газбен қамтылады
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2014
- 296
Жамбыл облысында 2014 жылдың соңына дейін 17 елді мекен газбен қамтылады
Жамбыл облысында елді газбен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 жылы облыстың 17 елді мекенін газдандыру жоспарлануда.
2013-2014 жылдары облыстың төрт ауданын газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін республикалық бюджеттен 453 млн. теңге алуға өтінім берілді. 4 ауданға орташа қысымды газ құбырын салу жобасының жалпы құны шамамен 9 млрд. теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде табиғи газбен Қордай, Шу, Сарысу, Мерке аудандарының 36 елді мекенінің тұрғындары қамтамасыз етіледі.
2013 жылы 49 млн. теңгеге Қаратау қаласынан Жантас қаласына дейін, одан әрі Саудакент кентіне дейін Сарысу ауданын газдандыру бойынша ТЭН әзірленді. Бұдан басқа, құны 16 млн. теңгеге Шу ауданының 22 елді мекенін газдандыру үшін ТЭН әзірленді. Мерке ауданының 10 елді мекенін газдандыруға 500 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі сәтте, облыста 373 елді мекеннің 122-сі газдандырылғанын нақтылады, бұл халықтың 34,5 пайызы немесе 600 мыңнан астам адам.
2014 жылдың соңына дейін көгілдір отынмен 139 елді мекен немесе 37,5 пайыз өңір халқы газдандырылады.
Облстаттың деректеріне сүйенсек, Жамбыл облысының халқы 1, 07 млн. астам адамды құрайды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мал саны жағынан көш бастап келеміз
- 31 желтоқсан, 2024
Қос нысан пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді