Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, 2018 жылғы қазан айында өңіріміз бойынша баға бағамының өсу деңгейі 0,5 пайызды құраған. Азық-түлік емес тауарларының бағасы өткен айда 0,9, ақылы қызметтер тарифтері 0,4, азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға жоғарылапты. Атап айтқанда, қант бағасы – 5,7, жұмыртқа – 3,6, балық өнімдері, май және тоң май – 2,4, күріш, темекі өнімдері – 1,2, ет және құс еті, шұжық, ет өнімдері – 0,8, сүт өнімдері – 0,5, ұн 0,2 пайызға қымбаттағаны тіркелген. Керісінше жаңа жиналып алынған көкөністер бағасының – 9,2, жемістер – 3, картоп – 2,9, жармалар 1 пайызға төмендегені байқалуда. Киім тігуге арналған материалдар бағасы деңгейінің өсімі 4,1, тұрмыстық тоқыма бұйымдар – 3,5, аяқ киім – 2,4, тұрмыстық аспаптар – 1,6, басқа санаттарға жатпайтын жеке күтім заттары – 1,3, фармацевтикалық өнімдер, дыбыс-бейне шолу жабдығы мен фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдық – 1, киім – 0,9, жуғыш және тазалағыш құралдар – 0,6, кітаптар, газеттер және журналдар – 0,5, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 0,2 пайызды құраған. Тас көмір – 2,5, дизельдік отын 0,7 пайызға қымбаттаса, бензин 0,9 пайызға арзандаған. Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем бағасының деңгейі 9,5, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар 4,9 пайызға өсіп отыр. Жолаушылардың әуе көлігімен ұшуының құны 4,8 пайызға жоғарыласа, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігінің жолақысы 0,3 пайызға төмендегені тіркелген.
«Aq jol-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
«Даму» қорынан қолдау тапқан жобалар жетерлік
- 4 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді