- Advertisement -

Мемлекет тік рәміздер жөнінде баяндады

77

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.
Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова азаматтардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ілгерілету, патриоттық тәрбиенің рөлін, әсіресе жастар арасында одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Оларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды» деген сөзіне тоқталды.
Отырыста облысымыздың әкімі А.Мырзахметов мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасап, өңірімізде осы бағытта атқарылған шаруаларды әңгімеледі.
Жиын барысында комиссияның биылғы қызметі сараланып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support