Құран – адамзатқа ислам ілімін үйретуші асыл кітап. Мұхаммед Пайғамбардың «Сендердің ең ізгілерің Құран үйренгендерің және оны басқаға үйреткендерің» деген хадисі бар. Біздің облыста да Алланың кәламын үйренуге деген құлшыныс артып келеді. Оны Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігі мен қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті бірлесіп өткізген әйелдер арасындағы облыстық Құран жарысында сезіне түстік. Шараны Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілі Данияр Жұмабаев сөз сөйлеп ашып, Құран жаттаудың ғибратты, игі іс екенін айтып, 6-70 жас арасында байқауда бақ сынап жатқан қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл жарыс Құранның бір парасын толық оқу, жарты парасын оқу, Құранның кез келген жерінен мүдірмей мәнерлеп оқу талаптары бойынша өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Құранды мәнерлеп оқу аталымы бойынша бірінші орынды «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Зәмзәм Сүлейменова, екінші орынды «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Әсия Елеусінова, үшінші орынды тараздық Динара Қалдыбекова иеленді. «Құранның жарты парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 23 қыздың арасынан «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Нұрай Шадиярқызы бірінші орынды, тараздық Шырайлым Тымбаева екінші орынды иеленді. Рабиа Әлимұхаммедке үшінші орын бұйырды. «Құранның 1 парасын жатқа оқу» аталымы бойынша «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті, алты жасар Ләтифа Әлжан бірінші орынды иеленіп, 150 мың теңгенің ақшалай сыйлығына ие болды. Екінші орын Жамбыл ауданынан келген Мөлдір Танысбаеваға, үшінші жүлде тараздық Әмина Бейсенәліге берілді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




