«Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнауы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2018
- 601
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-тур ойындары қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Өз топтарынан шығып үлгерген командалар мыналар: «Челси» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лацио» (Италия), «Байер» (Германия), «Цюрих» (Швейцария), «Арсенал» (Англия), «Динамо» (Хорватия).
Егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдама алса, осы командалардың бірімен күш сынасуы мүмкін. Елордалықтар орналасқан К тобындағы қазіргі кесте бойынша, «Динамо» (Украина) мен «Астана» (Қазақстан) - 8 ұпайдан, «Ренн» (Франция) - 3, «Яблонец» (Чехия) - 2 ұпай жинаған.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Астана» осы турнирдің плей-офф кезеңінде ойнаған. 1/16 финалда елордалық ұжым Португалияның «Спортинг» командасынан жалпы 4:6 (1:3 - өз алаңында, 3:3 - сырт алаңда) есебімен ұтылып қалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




