Жамбыл облысының өз «Шымбұлағы» болады - Асқар Мырзахметов
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2018
- 555
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы "Қаралма" тау-шаңғы базасы 2019 жылдың қаңтар айында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Курорттық тау-шаңғы базасы Жуалы ауданының Қаралма шатқалында орналасқан. Қаралма шатқалы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ортасында орналасқан және халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінен 10 шақырым жерде тұр. Бұл туристердің жол-жөнекей соғып, емін-еркін демалып кетуіне мүмкіндік береді.
"Заман талабына сай тау-шаңғы базасы құрылысының әзірге 60 проценті аяқталды. Жақында ғана құрылыс барысын тексеріп келдік. Әрине, қазіргі ауа райы құрылысқа қолайсыз, дегенмен барлық орнату жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Аспалы жолдардың барлығы сатып алынған және қазір орнатылып жатыр", - деп жауап берді А. Мырзахметов журналистер сұрағына.
Оның айтуынша, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін алдағы үш жылда өңірде 30 спорт кешенін тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде жеңіл атлетика және гимнастикалық манеждер, мұз сарайы және тау-шаңғы базасы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




