Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2018
- 227
Ұлттық құрамаға барлығы 24 ойыншы кірді.
Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Тобыл»);
Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы да - «Астана»), Александр Марочкин («Қайсар»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы да - «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Бақтиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нарзилдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобыл»);
Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Россия).
Қазақстан құрамасына биылғы ел чемпионы «Астанадан» 10, күміс жүлдегер «Қайраттан» 5, қола медаль иегері «Тобылдан» 4 футболшы шақырылды.
Резервке қақпашы Александр Мокин («Астана»), қорғаушыНұралы Әліп («Қайрат»), жартылай қорғаушылар Иван Антипов («Ақжайық»), Юрий Перцух («Атырау»), шабуылшы Оралхан Өміртаев («Шахтер») кірді.
Ел құрамасында өзгерістер болуы мүмкін.
Айта кетейік, 15 қараша күні Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында Латвияны қабылдайды. Содан кейін 19 қарашада Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі.
Ұлттар лигасының D дивизионының бірінші тобында Грузия құрамасы осыған дейінгі төрт кездесуінің бәрінде де жеңіске жетіп, 12 ұпаймен жеңімпаз атанып үлгерді. Екінші орындағы Қазақстанның еншісінде 5 ұпай, Латвия мен Андорра есебінде қос ұпайдан бар.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді