Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жаңа шоуында көрермендерді не күтеді
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2018
- 232
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен өтеді. Концерттен түскен барлық қаражат Қазақстандық дарынды жастарды қолдауға жұмсалмақ. Бағдарлама 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 10 жылда 1000-ға жуық дарынды жастартың халықаралық байқауға қатысуына қол ұшын берді. Билеттер 19 қазан күні Лондон уақытымен таңғы сағат 11:00-де сатылымға шықты. Бүгінге дейін алдағы шоуға билеттердің шамамен 80%-ы сатылды. Оларды axs.com сайтынан сатып алуға болады, бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады: «Достар! Сіздермен Лондондағы кездесуді асыға күтудемін! Дайындалыңыздар! Сіздерге арнайы тосынсый әзірледім. Бұл керемет шоу болатынына уәде беремін! Тағы бір тосынсый бар: билеттерді әлі де сатып алуға болады! axs.com сайтына өтіп, билеттерді сатып алыңыздар». Бірегей шоу атақты «Indigo at The O2» концерт залында өтеді. Мұнда көрермен Димаш Құдайбергеннің жаңа бағдарламасын тамашалай алады. Көрерменге концерт есігі Лондон уақытымен сағат 18:30-да ашылады, бағдарлама 20:00-де басталады деп жоспарлануда. Екі сағаттық концерттік бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Сахнадағы барлық көрініс live-band, би қойылымдарымен, 3D-эффектілермен және тағы сол сияқтылармен сүйемелденеді. Шоу фан-аумақтың көрермені жалпы перформанстың бір бөлшегі болатындай етіп ұйымдастырылады. Димаш өмірден өткен досы Денис Тенді еске алу құрметіне «SOS d'un terrien» әнін орындайды. Одан бөлек, әншінің осы кештегі репертуарында, жанкүйерлері Димаш Құдайбергеннің орындауында сүйіп тыңдайтын шығармалар орындалады. Сонымен қатар, 19 қараша күні Лондонда қонақтардың назарына музыкалық премьералар - жарыққа алғаш шығатын шығармалар ұсынылады. Шоу барысында жас әнші, ән салып, би билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл - шоудың тағы бір ерекшелігі болмақ. Димаш Құдайберген - қазақстандық әнші, композитор, мульти-аспапшы екенін, вокалдық диапазоны өте кең - 5 октав, 4 нота және 1 жарты тонды қамтитынын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар ол «Singer», «Байқоңырдың сазды үні», «Жас қанат», «Шығыс базары», «Мейкин Азия», «Славян базары» тәрізді ірі музыкалық байқауларға қатысып, жеңіске жеткен.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді