Жаңалықтар
WBC президенті Головкин - Чарло жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2018
- 450
WBC президенті Головкин - Чарло жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшы Геннадией Головкин (38-1-1, 34 КО) мен америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz. WBC Конвенциясы жуырда осы жекпе-жекті ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өтетін кездесуге іріктеу ретінде бекіткен болатын.
«Біз алға қадам басамыз. Чарло 22 желтоқсан күні жекпе-жек өткізеді. Содан кейін біз оған жекпе-жек туралы қаулыны жібереміз. Сосын әліптің артын бағамыз», - деді Сулейман.
Чарло келесі кездесуін Кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) өткізеді. Ал Головкин рингке көктемде оралуы мүмкін, бірақ ол жекпе-жек туралы мардымды ақпарат жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




