Жаңалықтар
Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады
- author «Ақ жол»
- 6 қараша, 2018
- 533
Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBC regular чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) өзін көрсе болғаны орта дивизион жұлдыздары шақырым жерден тығыла бастайтынын айтады, - деп жазады Vesti.kz vRINGe.com басылымына сілтеме жасап. "Жас болғандықтан дивизионда менен қашатындар көп. Асау әрі "ашпын". Бәрі басып келе жатқан пойызды көріп, жолдан қашады. Бізді ешкім тоқтата алмайды. Қашпаса барлық ірі жекпе-жек ұйымдастырылған болар еді. Мақсатым - белбеуі бар кез келген чемпионға шабуыл жасап, белбеулерді жинап, дивизионда басым болу", - деп келтіреді америкалық 28 жастағы чемпионның сөзін BoxingScene.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда Джермалл отандасы кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) жұдырықтасады. Чарло өзінің жеңісіне сенімді көрінеді.
"Тап қазір Дэниел Джейкобспен (орта салмақта IBF чемпионы) жұдырықтасқым келеді. Алдымен Монроны жіліктеп алайын, сосын Джейкобсты ойластырармыз", - деп өзін түзеп қойды Чарло.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




