Жаңалықтар
АҚШ-та Facebook пен Instagram желісіндегі 100-ден аса аккаунт сайлауға килікті деген айыппен өшірілді
- author «Ақ жол»
- 6 қараша, 2018
- 488
АҚШ-та Facebook пен Instagram желісіндегі 100-ден аса аккаунт сайлауға килікті деген айыппен өшірілді
АҚШ-та әлеуметтік желілердің сайлау процесіне килігуімен күресу мақсатында Facebook пен Instagram желілеріндегі 100-ден аса аккаунт пен парақша өшіріліп тасталды. Бұл туралы Facebook желісінің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. "Біздің зерттеуіміз Facebook желісінде 30 аккаунттың және Instagram желісінде 85 аккаунттың алдын ала келісілген және расталмаған мәліметтерді қамтитынын анықтады. Сондықтан біз ол аккаунтарды жедел түрде бұғаттап, мұқият зерттеу жүргізіп жатырмыз", - делінген мәлімдемеде.
Бұғатталған аккаунтардың көбі орыс және француз тілдерінде жазылғаны айтылады. Осыған дейін америкалық БАҚ өкілдері Ресейді әлеуметтік желілер арқылы Дональд Трампқа сайлауда көмектеседі деп айыптаған еді. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің айтуынша, 2016 жылы әлеуметтік желілердегі аккаунтардың Ресей билігіндегілермен байланысы болып, сайлауға әсер етпекші болған. Алайда ол әрекеттер сайлау қорытындысына әсерін тигізбеген.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




