Студент оқу ақысын төлеу үшін Обамадан алған хатын сатып жіберді
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2014
- 737
АҚШ президенті жетім студентке ақшалай көмек көрсетпесе де, қарызынан құтылуға мүмкіндік берді. Бозбала университеттегі оқу ақысын төлеу үшін Барак Обаманың қолмен жазған хатын интернет-аукцион арқылы сатып жіберді.
Джесси Грэйнджердің асырап алған анасы 13 жасында көз жұмыпты. Одан кейін де Джесси бірнеше отбасының, әлеуметтік қызметтердің қамқорлығында болады, бірақ баланы ешкім керек етпеген. Джесси көп ұзамай Оңтүстік Каролинада мейірімді әрі қамқор отбасыны кезіктіреді. Бірақ ол университетке түскенде, оқу ақысын төлеу мәселесі тағы да көлденең тұрады. Ол жақсы білім алу туралы бала күнгі арманына жету үшін Барак Обамаға хат жазады. 2011 жылы президент кедей студентке: «Өзіңнің қызықты әрі жігерлендіретін өмір жолыңды жазып, хат жолдағаның үшін рахмет. Саған берер кеңесім, оқуыңды аяқта», – деп жауап береді. Үш жыл өткеннен кейін хат Грэйнджердің кәдесіне жарап отыр. Джесси Обаманың хатын онлайн-аукционда 9500 долларға сатты.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық референдум комиссиясы үндеу жасады
- 3 наурыз, 2026
Президент Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
- 25 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




