Бірлік пен татулықтың ордасы болған өңір

Бірлік пен татулықтың ордасы болған өңір
ашық дереккөз
Бірлік пен татулықтың ордасы болған өңір

23Бекболат ОРЫНБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Тәуелсіз елімізде барша қазақстан­дық­тарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалауда тарих, мәдениет және тілдің атқарған рөлі орасан зор болғанын бәріміз мойындаймыз. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жәдігерлерге толы. Тарихқа көз жү­гірт­сек, ортағасырлық Тараз қаласы Қазақ­стан тарихындағы ең ірі саяси, мәдени, сау­да, әкім­шілік орталығы болған. Елбасы Н.На­зар­баевтың: «Тараз – тарихымыздың алтын дің­гегі», деп баса көрсетуі өткенімізге ізет, бүгінгі ұрпаққа зор мақтаныш екені анық. Осынау киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан, кейінгі тарихымыздан жеткен ұзын саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. 24 22Сәулет өнерінің ортағасырлық інжу-маржаны Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек кесенелері, киелі Тектұрмас, Ақыртас сарай кешені, Қали Жүністің «Шығыс моншасы» және бүгінде қолға алынып жатқан «Ежелгі Тараз» аспан асты мұражайы секілді баға жетпес жәдігерлер Тараз қаласына ерекше көрік беріп, жылдан-жылға туристердің қызығушылығын арттырып келеді. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы» дей келе барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтарды атап өтті. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Иә, шынында «Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды». Елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі – өнер мен мәдениет. Бүгінде Әулие ата өңірінің өнері мен мәдениеті нағыз кемел, толысқан шағында тұр. Өңірде мәдениет пен өнердің дамуына баса назар аударылып, шығармашылық әлеуетті белсенді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Биылғы жылы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет мекемелеріне 1 677 020,0 мың теңге, ал, аудандық мәдениет мекемелеріне 2 041 027,0 мың теңге, жалпы облыс бойынша мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 3 млрд. 718 млн. 048 мың теңгені құрады. Облыстағы мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы республикалық бюджеттен 450 536,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 109 860,0 мың теңге бөлініп, 23 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Байзақ ауданындағы Дихан-2, Мырзатай ауылдық клубтарында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ал, қалған аудандарда жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ұлттық тарихты зерделеу мақсатында «Ежелгі Тараз» қалашығындағы археоло­­­гия­лық қазба жұмыстарын жалғастыру үшін биылғы жылы бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, қазба жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылдан бастап, «Ежелгі Тараз» қалашығы орнында «Көне Тараз – Мәң­гі­лік елдің бесігі» атты «Археологиялық саябақ­тың» бизнес жоспары жасалуда. Ол бойынша Ежелгі Тараз қалашығын ашық аспан асты мұражайына айналдырып, туристік кластерді дамыту жұмыстары жүзеге асады. 21Археологиялық зерттеу жұмыстарын тереңдетіп, ғылыми-зерттеулерге жол ашу мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында Жамбыл облысы әкімдігі мен Мәдениет министрлігі арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Одан бөлек, көп жылдан бері бюджеттен ауқымды қаражат бөлініп, облысымызда Төрткүл керуен-сарайы, Тамды, Бектөбе, Тараз қалалары мен Жетітөбе сақ обаларына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарлы жүргізіліп келеді. Еліміз бен өңіріміздің рухани және тарихи өмірінде мұражайлардың алатын орны ерекше. Облыс музейлерінің халыққа қызмет көрсетуіне тоқталар болсақ, бүгінгі таңда облыста 7 музей халыққа қызмет көрсетеді. Оның 5-і тарихи-өлкетану, 2-і әдеби-мемориалдық. Облыс музейлері қорын­дағы 91 мыңға жуық экспонаттарды 22250 келушілер тамашалады. Облыс музей­лері барлығы 850 экскурсия, 275 лекция, түрлі тақырыптарда 205 көрме ұйым­дастырды. Үстіміздегі жылдың мамырында Халықаралық музейлер күніне орай «Түнгі думан» акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны 2000-ға жуық келуші тамашалады. Үстіміздегі жылы облыстық қазақ және орыс драма театрлары 19 мыңнан аса көрерменге 164 қойылым сахналап, 4 млн. 636 мың 500 теңге қаржы түсірген. Аталған ұжым­дар репертуарларын толықтыру мақсатында 7 жаңа қойылым сахналады. Атап айтар болсақ, қазақ драма театры Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасы, О.Әубәкіров пен А.Най­мантаевтың «ҢӨҢ» комедиялық думаны, жоспардан тыс С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға толғанда» лирикалық драмасы, С.Пірмановтың балаларға арналған «Жыл жүрегі – Наурыз» думанды ертегісін сахналады. Облыстық орыс драма театры И.Вовнянконың «Кентавры Турана» драмасы, У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы және «Наурыз несет добро» театрландырылған қойылымын қойды. «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар көркем­өнер ұжымдарының саны 5-ке артып, облыс бойынша 45-ке жетті. Мұндай көркемөнер ұжымдарына штат беру мәселесі қолға алынып, Тараз қаласының әкіміне және аудан бөлімдерінің басшыларына штат беру туралы хат жазылып, нәтижесі күтілуде. Білім беру, халық денсаулығын сақтау мекемелерінің құрылысы мен жабдықталуына бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Биылғы жылы 151 нысан мен ЖСҚ бойынша 16,1 млрд. теңге бөлініп, жарты жылға жоспарланған 9,9 млрд. теңгенің 9,7 млрд. теңгесі игерілді. Атап айтар болсақ, білім сала­сы бойынша 2014 жылға 9 нысанның құры­лысына 2,7 млрд. теңге бөлініп, 6 ай бойынша 1,796 млрд. теңгенің 1,773 млрд. теңгесі игерілді. 9 нысанның біреуі пайдалануға берілді, 1 нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясы процесінен өтуде, қалған 7 нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау саласы бойынша биыл 29 нысанның құрылысына 5,9 млрд. теңге бөлініп, 6 ай бойынша 4,237 млрд. теңгенің 4,204 млрд. теңгесі игерілді. 29 нысанның 2 нысаны, атап айтар болсақ, Талас ауданы Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Қаратау қаласындағы балалар емханасының қазандықтары қайта жөнделді. Қалған 27 нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 3 нысанға 34,8 млн. теңге бөлініп, 6 ай бойынша 34,6 млн. теңге игерілді. Байзақ ауданы Көктал ауылындағы, Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы және Меркі ауданы Қостоған ауылындағы дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ал спорт саласының 5 нысанының құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлініп, 6 ай бойынша 468,0 млн. теңгенің 467,9 млн. теңгесі игерілді. Жамбыл облысында 285 мемлекеттік кітапхана бар. Бүгінгі таңда облыс кітапхана­ларының кітап қоры 3 335 631-ге жетті. Оның мемлекеттік тілдегісі – 1 444 341 дана. Облыс кітапханалары барлығы 148 641 оқырман қамтып, кітап берілімі 2 560 834 дананы құрап отыр. Ал келушілер саны – 1 243 219. Еліміздің өзге елдермен өзара мәдени ынтымақтастығын нығайту, халықаралық мәдениетті жақындастыру, шығармашылық тәжірибе алмасу және өнердің әлемдік тәжірибедегі жаңа бағыттарын айқындау мақсатында сәуір айында Тараз қаласында «Көктем» Халықаралық классикалық өнер фестивалі екінші рет өтті. Бұл фестивальде тараздықтар Қазақстанның аты мен абыройын шетелдер мен әлемге танытып жүрген және әлемді өнерімен мойындатқан жерлестеріміз бен атақты шетел музыканттарының өнерін тамашалап, классикалық музыканың барлық түрімен танысты. Фестивальде Қазақстан Республикасы мен Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның «Құрмет» орденінің иегері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі Ренат Салаватов, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі, Ресейдің халық әртісі Олег Кулько, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин өнер көрсетті. Бүгінде қоғамның діни сауатын арттыру өзекті мәселе болып отыр. Кешегі кеңес заманындағы атеизмнің салдарынан кейінгі ұрпақ діннің тамырына көп көңіл бөле қойған жоқ. Осыдан барып діни сауаты аз жастардың көбісі теріс ағымдардың жетегінде кетіп отырғаны жасырын емес. Облыста 4 конфессия мен 12 деноминация­дан тұратын 317 діни бірлестік пен филиалдар қызмет атқаруда. Олардың 275-і – мұсылман, 7-уі – православ, 1-уі – католик, 34-і – протестант бағытында. Жалпы, облыс аумағында мешіттерге келушілердің саны 22 мыңнан астам, орыс православие шіркеулеріне келушілер мыңға жуық, Рим католик костелына 100-ге жуық адам келеді, ал протестанттық шіркеулер мен ғибадат үйлеріне келушілердің саны 3 мыңнан астам. Биылғы жылы өңірде мемлекеттің діни саясатын насихаттау жұмыстарын күшейту мақсатында ақпараттық-насихаттық топтардың құрамдары жаңартылып, олардың саны көбейтілді. Мемлекеттік органдар, мәдениет ошақтары, білім беру мекемелері, әскери құрылымдар, түзеу мекемелері мен діни ғибадат үйлерінде 37 іс-шара өткізіліп, 12 мыңға жуық адам қамтылды. Тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру, дін саласындағы сыңаржақ көзқа­рас­­тарға тойтарыс беру мақсатында мемле­кет­тік қызметшілердің әлеуетін пайдала­ну мақсатында облыс әкімдігінің мемлекет­тік қызметшілерді қайта даярлау және білік­тілігін арттыру орталығында мемлекет­тік қызметшілерге аптасына 1 рет «Конфес­сияаралық келісім мемлекет тұрақтылығының негізі», «Этносаралық келісімді орнатудағы діни фактордың орны», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты тақырыптарда 102 сағат лекция оқылып, семинар жұмыстары жүргізілуде. Оқушы жастардың түрлі діни ағымдарға бой ұруына қарсы және дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушыларды кері қайтару бойынша білім басқармасымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Соңғы 3 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушылардың саны 173 адамға азайған. Атап айтқанда, 2011-2012 оқу жылдары олардың саны 414 болса, 2012-2013 жылдарда 290-ға төмендеп, 2013-2014 жылдары 241-ді құрап отыр. Орта білім беру мекемелерінде жүргізілген сауалнама жұмыстарының нәтижесі, өткізіліп жатқан «Дінтану негіздері» пәні оқушы жастардың діни сауаттылық деңгейінің көтерілуіне көп ықпал етуде. Мұның дәлелі жоғарыда көрсетіліп кеткен дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарында оқушылар санының жыл санап азаюы. Жастардың діни бағытта білім алуға деген сұранысы ескеріліп, облыстық «Һибатулла Тарази» медресесі ашылып жұмыс атқаруда. Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс әкімдігі дін істері басқармасы мен облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті бірлесіп, облыс имамдарының діни-құқықтық сауатын арттыру бойынша қысқа мерзімді семинар-тренингтер ұйымдастырды. Басқарма тарапынан діни бірлестіктердің келушілерінің сандық, этностық және жастық құрамына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бірнеше мәселелер көрініс беруде. Атап айтқанда, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда азаматтардың дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына кету процесі бәсеңдегенімен, мүлдем тоқтады деп айтуға негіз жоқ. Мысалы, Ехоба куәгерлері, Елуліктер және Пресвитериандар арасында ежелден Ислам дінін ұстанатын ұлт өкілдерінің көбеюі, сондай-ақ, соңғы жылдары христиандық діни ағымдарға келушілердің арасында жастардың көбею тенденциясы байқалады. Сондықтан облыстағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ғибадат үйлерінде болып, ондағы жастармен әртүрлі форматтарда жұмыстар атқаруда. «Талдау» қоғамдық қорының жүргізген сауалнама жұмыстарының нәтижесі, өңірдегі діни ахуалдың соңғы жылдардағы өзгерісін былайша сипаттайды: респондеттердің 38,6 пайызы – «діни ахуал айтарлықтай жақсарды», 22,4 пайызы – «ішінара жақсарды», 34,6 пайызы – «өзгерген жоқ» десе, ал, 4,1 па­йызы – «ішінара нашарлады» деген, 0,3 пайызы – жауап беруге қиналған. Осы зерделеулердің қорытындысының негізінде облыс аймақтарында конфессияаралық қатынас тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Жамбыл жері ежелден Мәңгілік Ел идея­сынан туындап отырған ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Отандастарымыздың береке-бірлігінің темір қазығы болатын идеяны одан әрмен дамытуға міндеттіміз. Көпұлтты қазақ даласында бейбітшілік пен тұрақтылықтың салтанат құруы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқа­­сында жүзеге асуда. Мемлекет басшы­сы­ның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – Қазақ­стан­ның өткен тарихы, бүгіні мен жарқын бола­шағының алтын көпірі. Ортақ Отаны­мыз­дың басты құндылықтарын, асыл мұрат­тарын құрметтеп, қастерлеу – әрбір қазақ­стан­дықтың парызы. Ұлт болып бірігіп, Ел­ба­сының алдымызға қойған мақсат-мін­дет­­­­­­терін жүзеге асыру – әрбір азаматтың боры­шы.

Жамбыл облысы.

(«Егемен Қазақстан», 24 шілде, 2014 жыл).

Ұқсас жаңалықтар