Жаңалықтар
Кезекті жеңісінен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі бірден жоғарылады
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2018
- 634
Кезекті жеңісінен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі бірден жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) профи-рингтегі төртінші жеңісінен кейін BoxRec.com белді сайтындағы рейтингін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатында өткен бокс кешінде америкалық Александер Вонды (12-1, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын. «Жыртқыш» лақап атымен белгілі А.Вон 2004 жылдың соңында рекорд орнатып, әлемдегі ең танымал спортшылардың бірі атанған еді. Кейін ол қарақшылық шабуылға қатысқаны үшін түрмеге түсіп, темір тордың ар жағында 11 жылын өткізді. 2016 жылы рингке қайта оралды. Ал кәсіби спортта төртінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек BoxRec.com сайтының екінші орта салмақтағы рейтингінде бірден 54 позицияға көтерілді. 109-ыншы орынға орналасқан боксшының алдында қазақстандықтар арасында Айдос Ербосынұлы (9-0, 7 КО) ғана тұр - 93-інші позиция.
Жәнібек Әлімханұлының бокстағы ісін Top Rank танымал промоутерлік компания жүргізеді. Компания клиенттері арасында Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО) бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




