Жаңалықтар
"Канеломен" реваншқа дейін Головкиннің аралық жекпе-жек өткізетін қарсыласы аталды
- author «Ақ жол»
- 2 қараша, 2018
- 555
"Канеломен" реваншқа дейін Головкиннің аралық жекпе-жек өткізетін қарсыласы аталды
АҚШ-тың ислан тілді ірі Univision арнасы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін бағалады. HBO арнасының жыл аяқталысымен боксты трансляциялауды тоқтататындықтан, Головкин еркін агент дәрежесінде жүр. Ал қазақстандықпен келісімшарт жасасуға басты үміткер DAZN стриминг қызметі - The Ring мәліметінше, тараптар жақында келесімшартқа қол қояды.
Мұның алдында DAZN Альвареспен рекордтық келісімшарт жасасты. Мексикалық бес жылда 11 жекпе-жек үшін 365 миллион доллар алады.
Univision ақпараты бойынша, DAZN қызметімен келісімшарт жасасу Головкиннің Альвареспен үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін арттырады. Егер тараптар бірден жекпе-жек өткізу туралы келіспесе, қазақстандық америкалық чемпиондардың бірімен - IBF белбеуінің иегері Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) немесе WBO чемпионы Деметриус Андрадедемен (26-0, 16 КО) аралық жекпе-жек өткізіп, кейін "Канеломен" жұдырықтаса алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




