Қазақстандық бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2018
- 581
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бірнеше судьяның пара алды деген күдікке ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Өскеменнің судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Судья сотталушының жазасын өтелмеген мерзімі кезінде жеңілдету туралы өтінішті қабылдағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу қатысты басқа да мәліметтерді жария етуге болмайды", - деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова брифинг барысында.
Агенттіктегілердің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері аудандық судьяға қатысты қылмыстық істі тіркеді.
"Заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан пара алды деген күдік бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтер жарияланбайды", - деді Бастарова.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша өкілдері Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты істі тергеп жатқаны айтылады.
"Ол азаматтық іс бойынша орындау қағазын бергені үшін пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу қатысты басқа да мәліметтерді жария етуге болмайды", - деді агенттіктің ресми өкілі Бастарова.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялаған роликтерде күдіктілердегі ақшаның шәйнектерден, көліктерінен табылғаны көрінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




