Елбасы тапсырмасы: Шымкентте 190 мың жұмысшының жалақысы өседі
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2018
- 625
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 190 мың жұмысшының жалақысы өседі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалақыны көтеру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бұл туралы қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың жергілікті кәсіпкерлерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, қазан айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есе, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын.
Бүгінде шымшаһарда қала тұрғындарының 30%-дан астамында тұрақты жұмыс бар. Оның 56 мыңы ең төменгі жалақыны алады. 11 мыңға жуығы - бюджет саласының қызметкері. Сондықтан алдымен сол қызметкерлердің жалақысы өсіру жоспарда бар.
Басқосуда сондай-ақ азық-түлік пен ең қажетті деген тауарлар бағасының өсуі де талқыланды. Қаладағы ірі базар басшылары өз кезегінде бағаны ұстап тұру үшін қажетті шаралар қолдануға уәде берді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігі жанынан базарлар мен кәсіпорындардың және ірі сауда орталықтарының басшыларымен бірге бағаның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша жұмыс істейтін арнайы штаб құрылғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




