НАРЫНҚОЛ. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысындағы Ойқарағай көмір кеніші 35 мың тонна қатты отын өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өзімізге келісімшарт бойынша берілгені - 3 млн тонна. 25 жылда біз осы 3 млн тоннаны игеріп, халыққа жеткізуіміз керек», - дейді серіктестік директорының орынбасары Олжас Ботабеков.
Кен орнында 30-дан астам адам тұрақты еңбек етеді. Бұдан бөлек, жүк көлігі бар ағайын халыққа көмір тасып табыс табуда. Сондай-ақ Райымбек және Кеген аудандарының әлеуметтік нысандары түгелдей осы қатты отынмен жылытылады.
«Кішкентай ғана шоғы қалса, ары қарай жана береді. Күлі аз, қызуы күшті. Көп отбасылар күлін далаға төкпей, бау-бақшаларына тыңайтқыш ретінде пайдаланады», - дейді Сарыбастау ауылының тұрғыны Ержан Молдахметов
Көмірдің құрамында зиянды заттар болмағандықтан қатты отын кәуап әзірлеушілердің де кәдесіне жарап жатыр. Еліміздің оңтүстігінен жылда арнайы келіп, алып кетеді дейді жергілікті тұрғындар.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




