КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай кентінде заманауи әмбебап спорт және балалар алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шараға Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы осы құрылысқа атсалысқан «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұжымына шынайы алғысын білдірді. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев ауыл балаларына спорттың кез келген түрімен айналысу мүмкіндігі туып отырғанын атап өтті.
«Спорт алаңының ашылуы өңірде спорт саласының дамуына зор септігін тигізеді», - деді Ә.Бүкібаев.
Сонымен қатар, шараға «Самрұқ-Қазына» АҚ Бурабай аудандық пошта байланысы желісінің басшысы Дархан Қазкеев те қатысып, жылы лебізін білдірді.
Ал, «Оқжетпес» ФК қақпашысы Ярослав Багинский мен орталық қорғаушы, шабуылшы Никита Боженов оқушыларға шеберлік сыныбын өткізіп, қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты.
Айта кетейік, әмбебап спорт алаңдарының құрылысы «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама аясында Степногор, Есіл қалаларымен бірге Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында да осындай 3 кешен ашылды. 
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




