Кеше Тараз қаласында орналасқан «Ауыл-Береке» базарында бомба қойылды деп дүрліккен жұрт, базардағы пайдасынан қағылды.
Полиция кезекшісіне сағат күндізгі он екіде «Ауыл-Береке» базарына бомба қойылды» деген хабар келіп түскен соң, құқық қорғау органдары аяқтарынан тік тұрып, аумағы 13 гектарды құрайтын сауда орталығын тінтіп шықты. Шұғыл хабарға ІІД, ҰҚКД, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, арнайы жасақ қызметкерлері жұмылдырылып, базар аумағы қоршалып, бақылауға алынды. Базардағы саудагерлер мен сауда көрігін қыздырып жүрген бес мыңға жуық адам сыртқа шығарылып, ешкім базар аумағына кіргізілмеді. Базар сыртындағы ығы-жығы халық пен көліктердің нөпірінен кептеліс пайда болды. Әбүйір болғанда, бірнеше сағаттық тексеруден соң, хабардың жалған екендігі анықталып, ешқандай бомба табылмады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары «қалжыңбасты» іздестіру шараларын жүргізуде.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




