Жаңалықтар
Елбасы Гүлшара Әбдіқалықоваға бірқатар нақты тапсырма берді
- author «Ақ жол»
- 31 қазан, 2018
- 580
Елбасы Гүлшара Әбдіқалықоваға бірқатар нақты тапсырма берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.
Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




