«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауылдың айтқыштары

Ауылдың айтқыштары
ашық дереккөз
Ауылдың айтқыштары
Бие сұрасаң... Ауылдастары түйеші Әшкен Мұсаевтың тапқырлығына таңданып, оның шымшымаларын айтып жүреді. Әшекең ұзақ жыл түйе баққан ғой. Бір жолы жас малшылар: «Аға, түйені бағу оңай ма, қиын ба? Неге жылқы бақпадыңыз?», – деп сұрапты. Сонда Әшкен: - Әй, жігіттер-ай, сұрамайтынды сұрап, айтпайтынымды айтқызасыңдар. Әуелі кеңшар директорынан жылқы сұрағанмын. Қазақ «Түйе сұрасаң, бие береді», – деуші еді, директор мырза: «Бие сұрап ем, түйе берді ғой», – деген екен. Ішкен адам... Малшылардың бір тойында көпшілік отырған киіз үйге мас жігіт кіріп келіп, елдің мазасын алса керек. «Ішкен адам жөнімен тыныш отырса» – деп қалыпты үлкендердің біреуі. Сонда Әшкен: – Одан да қылжиып жата кетсе ғой, – деген екен. Әке, әкетай... Әшкеннің әкесі Мұса ұзын бойлы кісі екен. Ал, Әшкен жермен-жексен дейтіндей аласа адам. Бір жолы әкесі Мұса: – Әшкен, балам, үйірге үлкен айғырды қос. Аталығы ірі болса, аналығының құлыны үлкен болады, – депті. Сонда өзінің бойына көңілі толмай жүрген Әшкен түйедей болып тұрған әкесіне қарап: - Ой, әке, әкетай! Сіз де сөзді қатырасыз-ау! Іріден мен құсап құрып туатындар да көп қой, – деген екен. «Баламмен таласам ба?» Әшкен 8 ұл-қыздың әкесі. Жұбайы «Алтын алқа» иегері. «Ата-ененің топырағынан», үлкен баласы Шәріпханның келіншегі де 8 перзентті болып, «Алтын алқа» алды. Жұбайының «Алтын алқасын» ауылдық әкімдігінен алуға Әшкен барыпты. Ауылдық әкімдіктің хатшысы: - Әшеке, міне, құтты болсын! Жеңгем екеуіңіз он балаға жеткізіп тоқтаңыз, – деп әзілдепті. Сонда Әшкен: - Әй, айналайын інім, енді баламыз үйленді. Ендігі алтынды келіндер алсын. Балаларыммен таласам ба? – деген екен. Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар