Жаңағың кім, Жамал?

Жаңағың  кім, Жамал?
ашық дереккөз
Жаңағың кім, Жамал?
Үмбетбай Уайдин – Сықпыты бұзық телевизордың экранынан сопайып көрінген адамның сықпытына ұқсаған жаңағы біреуің кім, Жамал? – Қайда көргенімді ұмытып есіме түсіре алмай келе жатқаным. Біреуге ұқсаттым. – Бір иығын саған беріп тұрып ұзақ сөйледі ғой. Не дейді сонда? – «Қарындасым, сізді бір жерден көрген сияқтымын», – дейді. «Соңғы жылдары сіздің тұрмысыңызда қандай-қандай жаңалық өзгерістер болды?», – дейді. – Сен?.. – «Біздің тұрмыстан сізге қандай-қандай өзгеріс-жаңалықтар керек еді?», – дедім. – Ол? – «Көптен көрінбей кеткенге қорқып жүр едім, жер бетінде бар екенсіз ғой», – дейді. – «Вот», қалжыңбас! – Сен де байқап қалдың ба, тілі сондай тәтті өзінің. – «Екі кісі бір-біріне бейім тұрса, есті кісі кейін тұрады», – деген бар ғой. Емін-еркін сөйлессін деп, сендерден менің былайырақ барып тұрған себебім сол. Сонда да құлағым шалды, шек-сілең қатып сен қатты күлдің... – Күлгенде...ана...не ғой... «Көптен көрінбей кеткенге қорқып жүр едім» деген соң: «кейде өскен адам көрінбей кетеді, көбіне өшкен адам көрінбей кетеді. Өскен де жоқпын, өшкен де жоқпын. Жер басып, домалап жүріп жатырмын» деп едім ғой. – Ол сопақ басты сонымен қайдан көргеніңді есің түсіре алмадың ба? – Қайда көргенімді білмеймін, әйтеуір бір жерде көрген адамым. – Көзінен көзіңді айырмай күлімсіреп, оған ұзақ қарадың, шашын сипадың... – А-ға, көзі «прямо» от шашады. Шашы да бұп-бұйра... – Қатты күлдің ғой, жәй ма? – Сен оны білмейсің, «он такой шутник»... Сондай «жизнерадостный» жігіт. – «Жизнерадостный» болғанда, не айтады сонда? – «Ну»...жаңа айтады «100 грамм арақ дегеніміз – 200 грамм өтірік, 300 грамм мақтану, 400 грамм төбелес», – дейді. – Мұнысы бір жаңалық екен... – Сондай көңілді жігіт, тегі. – Танитын болдың ғой? – Танығанда... қайда-а, бұдан он бес жыл бұрын Қызылордадан Алматыға шейін екі орындық купеде бірге келгенбіз. Келгенше концерт қойып берді. – Дұрыс, саған керегі концерт екен ғой. Концерттің үлкені қазір... үйге барған соң!

Ұқсас жаңалықтар