Македониялықтар мойындаған "Медея"

Македониялықтар мойындаған "Медея"
ашық дереккөз
Македониялықтар мойындаған "Медея"

3Қ. Қуандықов.

Жерлесіміз Қуандық Қасымов сахналаған спектакль бас жүлде алды

Медеяның таңғажайып ішкі жандүниесін жарқырата ашып көрсету арқылы театр өнерінің биік шыңын бағындырған танымал кино және театр әртісі, әнші Айгүл Иманбаеваның музыкалық театр орталығы 23-26 шілде аралығында Македонияда өткен халықаралық «Стоби-2014» антикалық драмалар фестивалінде жеңімпаз деп танылып, гран-при жүлдесін жеңіп алды. Осылайша жамбылдық режиссер Қуандық Қасымов сахналаған Ж. Ануйдің «Медея» спектаклі қазақ театрының үздік екенін тағы да бір дәлелдеді.

Оның айтуынша, біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың өзінде өркениеттілікте өмір сүріп, бертінде жермен-жексен етілген Стоби қаласының орны қазылып, мың адамдық көне амфитеатры қалпына келтірілген. Македониялықтар осы киелі орында екі шетел театры қатысуымен жылма-жыл фестиваль өткізуді дәстүрге де айналдырған. «Оның биылғы он үшінші өткізіліміне белгілі себептерге байланысты румындықтар келмей қалып, македондық үш бірдей театрмен біздің ғана өнер бәсекелестіруімізге тура келді» дейді Қ. Қасымов. Македония жұрты аталмыш спектакльде бас кейіпкер Медеяның рөлін сомдаған Айгүл Иманбаеваның әртістік шеберлігіне, режиссер шешімі мен актерлер ансамблі өнерлеріне де тәнтілік танытып, дүркін-дүркін қол соғумен болыпты. Жалпы спектакль айрықша табыспен өткен. Қазақстандық театр ұжымы өнерін құрамында Драган Спасов Дак (төраға), Kэти Borisovska, Венка Seraphinoff бар қазылар алқасы бағалаған екен. Олар да қазақстандық жас театрдың аяқалысы жақсы, өнерлері жоғары деңгейде деген пікірде. Фестивальдің бас жүлдесі Афродита-Құдай ана бейнесіндегі статуэтка мен арнайы диплом театрға табыс етілетін болады.

Баймаханбет АХМЕТ,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар