Ал оларды ынталандыру мақсатында өз еңбектерімен көзге түскен тәртіп сақшылары марапатталды. Күзет қызметін бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Сүйіндіковтың айтуынша, бұндай шаралар жылына 2 рет дәстүрлі ұйымдастырылып тұрады және сала мамандары үшін маңызы зор. Өйткені бұл жерде полиция қызметкерлері арасында саптық байқау өтіп, ұжымдық үйлесімділік сынға түседі. Бұған қоса, сала мамандары патриоттық әндер шырқайды.
Нұрболат Сүйіндіков, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы:
– Ішкі істер органдарына жаңадан келіп жатқан қызметкерлерде үлкен қобалжу бар. Ант қабылдау мейрам деп айтсақ та болады.