Мәдениет
«Астана Балет» ұжымы Санкт-Петербург қаласында өнер көрсетті
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2014
- 926
«Астана Балет» ұжымы Санкт-Петербург қаласында өнер көрсетті
XXII «Ақ түн жұлдыздары» музыкалық фестивалі шеңберінде Марииндік театрдың тарихи сахнасында астаналық Astana Ballet ұжымы бір акттен тұратын «Әлем» хореографиялық қойылымын көрсетті. Бұл туралы ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ресейлік балетмейстер Никита Дмитриевскидің ерекше хореографиясында қазіргі әлемдік тенденциялар мен ұлттық хореографияның дәстүрлері бір-бірімен сәтті үйлесім тапты. Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған қойылымның визуалдық тұжырымдамасының авторы мультимедиа саласындағы ресейлік жетекші мамандардың бірі Леонид Басин болып табылады. Музыканы жазған композиторлар - Арманд Амар мен Булат Гафаров, либретто авторлары - белгілі қазақстандық ақын, сценарист Бақыт Қайырбеков пен Никита Дмитриевский.
Айта кетейік, бір жарым жыл бұрын құрылған Astana Ballet хореографиялық ұжымы бүгінгі таңда танымал болып, мемлекет ішінде және шетелде ірі концерттік бағдарламалармен өнер көрсетіп жүр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




