Әдебиет
Түркиядағы «BENGU» баспасынан Ұлықбек Есдәулетовтің жыр жинағы жарық көрді
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2014
- 1.1k
Түркиядағы «BENGU» баспасынан Ұлықбек Есдәулетовтің жыр жинағы жарық көрді
Қазақтың талантты ақыны Ұлықбек Есдәулетовтің Анкара қаласындағы «BENGU» баспасынан «Siirler» («Жырлар») атты жыр жинағы жарық көрді.
Жинақты түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев, тәржімасын редакциялаған түрік ақыны Метин Өзарыслан. Алғысөзін жазған Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы, белгілі түрік прозашысы Якуб Омероғлы.
Ақынның жылқы жылы туылғаны ескеріліп, кітап мұқабасы арғымақтардың суретімен безендіріліпті. Өскеменде өткен ақынның 60 жылдық мерейтойында Якуб Омероғлы арнайы келіп, осы сүйінші хабарды қалың оқырманға жеткізген болатын. Әзірге ақынның қолында жинақтың тек 20 данасы ғана бар екен.
Айта кетейік, бұған дейін талантты ақынның Қытай, Монғолия елдерінде де бірнеше кітаптары жарық көрген болатын. Күзде Түркия елінде және Алматы, Астана қалаларында ақын жинағының тұсаукесер рәсімі болады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




