Мәдениет
Голливудте өткен халықаралық өнер чемпионатында жас қазақстандық жеңімпаз атанды
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2014
- 616
Голливудте өткен халықаралық өнер чемпионатында жас қазақстандық жеңімпаз атанды
14 жастағы Семей қаласының тұрғыны Ванесса Безродная «World championship of performing arts» халықаралық өнер чемпионатының поп және рок-вокал аталымында вокал өнері санаты бойынша абсолютті әлем чемпионы атанды.
Байқау 11-19 шілде күндері Лос-Анджелес қаласында өтті. Оған 7 мен 45 жас аралығындағы әртістер қатысты. Ванесса әлемнің 42 елінің өкілі жарыс жолына түскен 16 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті.
Өнерімен талайды тәнтті өткен Ванесса елімізге 4 алтын, күміс және қола медальмен оралды.
«Біз үшін чемпионат өте сәтті өтті. 18 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстан өкілі чемпионаттың вокал станаты бойынша финалға шығып, поп және рок-вокал аталымында абсолютті чемпион атанды», - деді Ванессаның анасы Ирина Безродная.
Айта кетерлігі, Ванесса бұған дейін «Жаңа толқын» байқауының ақтық мәресіне дейін жетіп, «Еуровидение музыкалық академиясы» жобасына қатысқан еді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




