Жаңалықтар
Министр әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 23 қазан, 2018
- 658
Министр әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді
Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 қыркүйекте Төреғали Төреәлі жолаушы болмаса да ұшақ салонына отбасын шығарып салу үшін кіріп кеткен. Оқиға салдарынан Алматы - Гонконг әуе рейсі кешікті. Кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды. Артынша әншіге де айыппұл салынған болатын.
"Бұған қатысты пікір білдіру қиын, кінәлілер жазасын алды. Шекара органдарының қызметкерлері мен әуежай қызметкерлері жазаланғанын білемін. Бір айтарым, бұл дұрыс емес", - деді министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Төреғали халықтың сүйіктісі болса, да заң барлығына бірдей.
Ал Көліктегі ІІД өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Егер кінәлі деп танылса, айыптыға мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




