Жаңалықтар
Алферов: Мемлекеттік мекемелер шетелдік автокөліктерді сатып алуды азайтты
- author «Ақ жол»
- 23 қазан, 2018
- 670
Алферов: Мемлекеттік мекемелер шетелдік автокөліктерді сатып алуды азайтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов 9 айда мемлекеттік органдар 16,6 млрд теңгеге көлік сатып алғанын мәлім етті.
«Биыл мемлекеттік мекемелер жалпы сомасы 16,6 млрд теңгеге автомобиль сатып алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік мекемелердің көлік сатып алуға қаражатты азайтқанын көрсетеді. Яғни өткен жылы олар осы мақсатқа 26,6 млрд теңгені жұмсаған», - деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.Сондай-ақ Олег Алферов мемлекеттік мекемелер арасында жол таңдамайтын Lada 4x4, Lada Vesta, Skoda Оctavia және JAC S5, KIA Сerato көліктеріне сұраныс жоғары екенін хабарлады. Осы орайда төраға мемлекеттік мекемелер шетелдік автокөліктерді сатып алуды азайтқанын мәлім етті.
«Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 2667 отандық және шетелдік өндірушілердің автомобильдерін иеленді. Қызмет бабымен сатып алатын шетелдік автомобильдердің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 12%-тен 4%-ке азайды. Яғни мемлекеттің мекемелердегі қызметтік автомобильдердің 96%-і отандық өнім», - деп түйіндеді сөзін Олег Алферов.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




