«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ынтымақты елдің ырыЫнтымақты елдің ырысы молсы мол

Ынтымақты елдің ырыЫнтымақты елдің ырысы молсы мол
ашық дереккөз
Ынтымақты елдің ырыЫнтымақты елдің ырысы молсы мол

Бүгінде жүзеге асырылып жатқан «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру», басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту, олар үшін өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру екені баршаға мәлім. Бұл – елдің ішкі саяси тұрақтылығының да айрықша маңызға ие көрсеткіші.

Мемлекет басшысы өзінің ағымдағы жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында, міне, осы тұрғыдағы бірқатар маңызды әлеуметтік бастамаларды алға қойды. Онда көзделген міндеттерді жүзеге асыруда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы айрықша рөл атқаратыны да атап көрсетілген. Елбасы осынау бастаманы қолдап қана қоймай, оны жаңа мазмұнмен толықтыру міндетін де жүктеп отыр. Айта кету керек, осы ретте Мемлекет басшысы ұсынған жаңа бастамалардың қаржылық көлемі 15 триллон теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін еселеп арттыруға зор серпін береді. Елімізге, еліміздің болашағына арналған ең сенімді инвестиция екені анық. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культі, елімізді революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ақыл-ойдың ашықтығы секілді алты бірдей әлеуметтік жаңғырту бағытын қамти отырып жүзеге асырылу үстінде. Атап өтерлігі, ендігі жерде елдің ішкі әлеуметтік саясатының жаңа мазмұны 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске қосу, бойскаут қозғалысы секілді «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру арқылы мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие беру ісін күшейту, еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту, басқа да жобалардан айқын көрініс тапқалы отыр. Сондай-ақ білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары айқын сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру тапсырылды. Ел Президенті өз Жолдауында атап көрсеткендей, орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік бермек. Осы ретте айта кетейік, келешекте кадрлық қорымызды толықтыратын және 5-10 жыл аралығында ұлттық компаниялардың экономикалық өсімін қамтамасыз етуді терең меңгеріп шығатын жаңа буын өкілдері – жастарымыздың кәсіби даярлығы сапасын арттыру, оларға білім беру мен өндірістік оқытудың оңтайлы жолдарын іздестіру үшін де қосымша қаржы көздері қарастырылуы керек-ақ. Еліміздің кейбір өңірлеріндегі жастардың, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітіргендігі жөнінде дипломдары бар жас азаматтарымыздың жұмыссыздығы мәселесінің ескерілуі тұрғысындағы ұсыныс та өте өзекті әрі дер мезгілінде айтылып отыр деп санаймыз. Осыған байланысты Елбасы жоғары оқу орындарының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екенін атап көрсетті. Жастар тұрғындардың еңбек етуге ең жарамды, шығармашылық әлеуетке ие, жасампаз бөлігі болып табылады. Алайда сапалы білімі мен ақпараттық технологияларды басқару машығы бола тұрса да, жоғары оқу орындары түлектеріне нақты бір салаларда жұмыс істеудің кәсіби тәжірибесі жетіспей жатады. Жастардың дамуы мен кәсіби бейімделуі – бүгінгі таңда күн тәртібіне өткір қойылып отырған мәселенің бірі де осы. Елімізде жылма-жыл жұмыс беруші тараптардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жоғары оқу орындарын бітірушілердің 20 пайызына дейін жұмысқа орналаса алмауда. Мұндайда еңбек нарығы да тәжірибелік машығы кемшін жас мамандарды құшағын ашып қарсы ала қоймасы белгілі. Көптеген ЖОО түлектері (тіпті оқуды үздік бітіргендердің өздері) үшін университетті бітіргендеріне жыл толғаннан кейін ғана барып жұмыс табудың сәті түсіп жатады. Бұл – тым ұзақ мерзім. Сондықтан өз түлектерін жұмысқа орналастырудың арнайы бағдарламасын әзірлеп енгізу, өзіміздегі ғана емес, шет мемлекеттердегі нақты өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдармен әріптестік ынтымақтастықты дамыту, еңбек нарығы мониторингін тұрақты жүргізіп отыру, бітірушілеріне олардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы мәселелері бойынша сұрау салу жоғары оқу орындарының негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Айта кету керек, жастардың жұмыссыздығы мәселесіне қатысты жалпыәлемдік құбылыс та аса жайлы емес. Жастардың жалпы бірегей еңбек күшіндегі үлесі 1997 жылғы 21,7 пайыздық көрсеткіштен 2017 жылы 15,5 пайызға дейін төмендегені байқалуда. Бұдан бөлек, британдық сарапшылар ең қажетті бос жұмыс орындарына талдау жасаудың негізінде 2035-2040 жылдар аралығында әлемдегі барлық жұмыс орындарының жартысын жаңа тұрпатты жұмыстар алмастыруы ықтимал деген қорытындыға келген. Ал қызмет көрсетуші құрам, өнеркәсіп өндірістерінің жұмысшылары, сатушылар, кеңес берушілер, даяшылар және мұғалімдер тәуекел аймағында тұр. Жастар бүгінде ұлттық экономикамыздың базалық саласы болып табылатын мұнай-газ секторындағы жұмыстардың да тұрақтылығына аса сене бермеуі керек. Өйткені әлем жұртшылығы батыл түрде күн, жел және су секілді жаңартылған қуат өндіру көздерін кеңінен енгізуге ден қоюда. 2040 жылға қарай аталған қуат көздері бойынша дүние жүзінің дамыған экономикасы осы саладағы тұтыну қажетінің үштен бірін өтейтін болады. Сәйкесінше шығармашылық ойлауға қабілеттілер, жаңашылдар, кәсіпкерлер мейлінше мол талап етіледі. Қоғамдағы әлеуметтік көңіл-күйді жақсартуда, сондай-ақ өздерінің мәдениеті мен ұлттық кодтарын сақтауы жағдайында ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту да қарастырылады. Ендігі жерде елімізде қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингін ғана емес, бұл үдеріске тұрғындар мен қоғамдық ұйымдарды белсенді жұмылдыруды да жалғастыруға тиіспіз. Осы орайда Елбасымыз өзінің жуырдағы Жолдауын «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген халық даналығын еске салумен түйіндеуі жайдан-жай емес. Барша қазақстандықтарды әрбір адамның жетістігі мен бақуаттылығы, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы және салт-дәстүр, болашаққа сенім мен ұмтылыс секілді жалпы құндылықтар ортақ мүдде аясына тығыз топтастыра түсетіні айрықша маңызды. Біз өзіміздің еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, бейбіт тұрақтылық пен тату келісімді сақтап, нығайта беруге тиіспіз.

Бахтияр АЛДАШОВ, әлеуметтану ғылымдарының докторы, облыстық мәслихаттың депутаты.

Ұқсас жаңалықтар